26 шілдеде Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасында сегіз спорт түрінен сынға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ертең жарыс жолына дзюдошы Жансай Смағұлов, боксшы Сәкен Бибосынов және ауыратлет Зүлфия Чиншанло шығады. Сонымен қатар, теннисші Елена Рыбакина екінші айналымдағы матчін өткізеді.
26 шілдедегі сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):
Стенд ату. Скит. Әйелдер
06:00. Әсем Орынбай, Зоя Кравченко
Садақ ату. Ерлер. Командалық жарыс
06:30. Қазақстан - Үндістан
Дзюдо. Ерлер, 73 келіге дейінгі салмақ
08:00. Жансай Смағұлов - Фердинанд Карапетян (Армения)
Теннис. Әйелдер. Жекелей сын
08:00. Елена Рыбакина - Ребекка Петерсон (Швеция)
Каноэ. Слаломды есу. Ерлер.
11:00. Александр Куликов
Үстел теннисі. Ерлер
11:30. Кирилл Герасименко - Тимо Болль (Германия)
Бокс. Ерлер, 52 келіге дейінгі салмақ
15:03. Сәкен Бибосынов - Янкьель Ривера Фигероа (Пуэрто-Рико)
Ауыр атлетика. Әйелдер, 55 келіге дейінгі салмақ
16:50. Зульфия Чиншанло.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынында екі жүлде бар. Кеше дзюдошы Елдос Сметов, ал бүгін ауыратлет Игорь Сон қола медаль иеленген болатын.