Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Бұл турал өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды. «Президент сапар барысында өндіріс кәсіпорындарының жұмысымен танысып, өңірдегі денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралап көреді»,-деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.