Жаңалықтар 27.07.2021 сағат 22:30

Серік Сәпиев жеңіліп қалған Абылайхан Жүсіпов туралы пікірін айтты

Иә, жекпе-жек теңдей болды, кейбір сәтте Абылайхан қарсыласынан басым болғандай еді. Алайда қазылар алқасы басқаша санады.
Серік Сәпиев жеңіліп қалған Абылайхан Жүсіпов туралы пікірін айтты
Фото: коллаж
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев боксшы Абылайхан Жүсіповтің Токио олимпиадасында алғашқы кездесуде неліктен жеңілгеніне қатысты түсінік берді.

Бұл туралы Sports.kz жазды.

– Жүсіпов бар күшін кейінге сақтап қалуға тырысқандай әсер қалдырды, ол бар қарым-қабілетін көрсетпеді. Әрине, мен ренжулімін.

Төрешілердің дауысын алу үшін ештеңе істемеді. Иә, жекпе-жек теңдей болды, кейбір сәтте Абылайхан қарсыласынан басым болғандай еді. Алайда қазылар алқасы басқаша санады.

Абылайханның бұдан да жақсы жұдырықтасуға мүмкіндігі бар, бірақ… Кездесуде ол қолмен дұрыс жұмыс істемеді, оның тарапынан белсенділік аз болды. Жеңіске жету үшін сенімдірек жұдырықтасу керек еді, – деді Сәпиев.

Айта кетсек, отандасымыз Токиодағы алғашқы кездесуін 27 шілде күні америкалық боксшы Деланта Джонсонға қарсы өткізді. Төрешілердің шешімімен жеңіс америкеалық боксшыға бұйырды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар