$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда ер адам әйелін буындырып өлтіріп, мәйітін құдыққа тастаған

Ашуға булыққан отағасы әйелін басындағы орамалымен буындырып өлтірген.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қостанай облысында ерлі-зайыптының жанжалы кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға наурыз айында Әулиекөл ауданына қарасты Лаврентьевка ауылында болған. Ашуға булыққан отағасы әйелін басындағы орамалымен буындырып өлтіріп, қылмысын жасыру үшін мәйітті ауыл шетіндегі құдыққа тастаған.

Сотта ол қылмысын  мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдірді. Ауыл тұрғынының ауыр қылмысы сот сараптамасымен де расталған көрінеді.

Сот қылмыскердің бұрын да істі болғанын ескере отырып, он жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

«Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Жәбірленуші тарапқа келтірілген моральдық зиянды өтеу есебіне 5 миллион теңге өндірілді», - деді Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің бөлім басшысы Зәуре Едикова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары