$ 448.56  478.03  4.79

28 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Күндіз Жамбыл, Алматы облыстарында аптап ыстық сақталады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

28 шілде күні ел аумағының басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Сәрсенбіде тек еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындарының әсерінен өткінші жаңбыр жауады, бұршақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шыңды дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с, Түркістан облысында екпіні 23 м/с.

Күндіз Ақмола, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды, Маңғыстау, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Жамбыл, Алматы облыстарында аптап ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы