Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары, АИБА Халықаралық Федерациясы комиссиясының мүшесі Ермахан Ибраимов айтты деп жазды BAQ.KZ.
- Абылайхан Жүсіпов пандемияға қарамастан Олимпиада ойындарын бір жыл бойы күтті. Бұл - психологиялық тұрғыдан өте ауыр. 69 келі салмақ – қазақтың салмағы. Бірінші орын алу парыз сияқты болып қалды. Меніңше, осындай үлкен жауапкершілікті жас боксшы Абылайхан көтере алмады. Мен ойынын көрдім. Өте сылбыр жұдырықтасты. Алдыңғы қолмен жұмыс істеу, соққы жасау, арақашықтықты сезіну мүлде болмады. Тек төбелесе берді, төбелесе берді, - дейді Ибраимов.
Соның салдарынан америкалық боксшыдан жеңіліп қалғанын айтты.
Ол ең басты себеп үлкен жауапкершілікті көтере алмауында дейді.