$ 447.4  477.55  4.76

Коронавирус жұқтырмау үшін 9 ай бойы үйінен шықпаған әйелді көлік қағып кетті

Кейуана оқиға орнында көз жұмды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Англияның Уэймут қаласының 62 жастағы Сара Льюис есімді тұрғыны коронавирус инфекциясын жұқтырып алмау үшін тоғыз ай бойы үйінен шықпай отырған. Ал шілде айында бірінші рет көшеге шыққан әйелді жүк көлігін қағып кетіп, оқиға қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды esquire.ru.

Кейуана жолды кесіп өтіп бара жатқан кезінде жан-жағына қарамай, сөмкесінен маскасын алмақ болған. Сол сәтте артында келе жатқан жүк көлігі оны байқаусызда қағып кеткен. Жүргізуші көлікті айдап келе жатқан кезінде екі айнасына да қараған. Алайда әйел жүргізушіге көрінбейтін аймақта жолды кесіп бара жатқан.

Тергеу барысында әйелдің Сovid-19 пандемиясы кезінде клиникалық тұрғыдан осал екендігі анықталды және сол себептен 9 ай бойы үйінде отырған белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус