Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Қазақстанның бокс құрамасы Олимпиада қанша медаль алуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның пікірінше, қазір Токиодағы Олимпиада ойындарында сынға түсіп жатқан барлық төрт боксшы медаль ұтып алуы мүмкін.
"Үш немесе төрт медаль жеңіп алуымыз әбден мүмкін екенін айта аламын. Олимпиадада қалған барлық боксшы медаль ала алады, біз оларға көп үміт артамыз. Барлық жағдайды жасадық, енді бәрі спортшылардың өнер көрсетуіне байланысты", - деді Олимпиада-2012 чемпионы Серік Сәпиев баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ ол Токиодағы ойындардан кейін кейбір бапкерлер қызметінен кетуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
"Бізде әр Олимпиададан кейін министрлікпен, федерациялармен және Ұлттық олимпиада комитетімен жиналыс өтеді. Қателіктерді талдап, шешім қабылдаймыз. Отырыста спортшылары Олимпиада жүлдесіз қалған бапкерлерге қатысты шара қабылданады", - деді Сәпиев.
Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Василий Левит (91келі), Бекзад Нұрдәулетов (81 келі), Серік Теміржанов (57 келі) Олимпиада ойындарынан шығып қалды. Қазақстан атынан сынға түскен жалғыз боксшы қыз Надежда Рябец те жарысты тоқтатты.
Токио Олимпиадасында Қазақстанның бокс құрамасы барлық салмақ дәрежесінде сынға түседі.