$ 449.3  489.69  4.89

«Мақсатым – інімді аяққа тік тұрғызу»: Игорь Сон Олимпиададан тапқан ақшасын інісінің еміне жұмсамақ

Еске сала кетейік, 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық зілтемірші Игорь Сон Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

ОКҚ алаңында өткен онлайн брифинг кезінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, қазақстандық зілтемірші Игорь Сон тапқан табысын қайда жұмсайтынын айтты деп жазды BAQ.KZ.

Білуімше, қазір ініңіз ауырып жатыр. Ата-анаңыз ініңізді емдеу үшін Кореяда жүр. Мемлекет тарапынан Олимпиаданың қола жүлдегеріне 75 мың АҚШ доллары беріледі. Осы тапқан табысыңызды ініңіздің еміне жұмсайсыз ба? Әлде басқа жоспарларыңыз бар ма?, – деп сұрақ қойды журналист.

Спортшы отбасының барлық мүшесі қазір Кореяда інісінің емі үшін жүргенін айтты.

Інім ДЦП-мен ауырады. Ата-анам інімді емдеу үшін Кореяға кетті. Қазір отбасымның барлығы – ата-анам, ағам және інім Кореяда, - деп жауап берді Сон.
Сөз арасында Игорь Сон тапқан табысын қайда жұмсайтынын айтты.
Менің ең басты мақсатым – інімді аяққа тік тұрғызу. Кейін содан қалғанына өмір сүремін, - деді зілтемірші.

Еске сала кетейік, 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық зілтемірші Игорь Сон Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Спортшы жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырса, серпе көтеруде 163 келіні еңсерді.
Сонымен қатар Қазақстанға екінші қоланы 55 келіге дейінгі санатта Зульфия Чиншанло алып келді. Зульфия 213 келі (90+123) көтерді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары