$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар тұрғыны үш баласын өлтіріп, өзіне қол салған

Полицияға Айманов көшесінде тұратын ер адамнан үйінде төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті.

Павлодар полициясы үш баласын өлтіріп, артынша өз-өзіне қол салған әйелге қатысты қылмыстық істі тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-тармағы бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу жиналған айғақтарды ескеріп, қылмысты кішкентай балалардың анасы жасағанын анықтады. 2021 жылдың 9 маусымында ҚІЖК 35-бабы 1-тармағы 11-тармақшасы негізінде қылмыстық іс тоқтатылды", – делінген құқық қорғау ведомствосы жариялаған баспасөз хабарламасында.

Оқиға былтыр 9 қарашада болды. Полицияға Айманов көшесінде тұратын ер адамнан үйінде төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті.

"Үйіне келген пәтер иесі есікті аша алмаған, өйткені ол іштен жабулы тұрыпты. Ер адам көршілерінен шарқайрақ сұрап, есікті ашқан. Пәтерге кіргенде, бөлмелердің бірінен әйелі мен үш кішкентай баласының денесін тапқан", – деді Павлодар облысының полиция басшысы Нұрлан Мәсімов.

Көз жұмғандардың бәрінде күштеп өлтіру белгілері болған. Балалардың үлкені 7 жаста, кенжесі үш жаста еді. Ерлі-зайыпты бірге тұрған. Полицияны әйелдің күйеуі шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары