$ 443.85  474.3  4.8

Павлодар облысында көліктер бетпе-бет соғысып, 3 адам көз жұмды

Жол апаты жергілікті уақытпен сағат 17:30 шамасында Ленинский - Русская Поляна жолында тіркелген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Осы оқиға салдарынан тағы үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты жергілікті уақытпен сағат 17:30 шамасында Ленинский - Русская Поляна жолында тіркелген.

««Фольксваген Пассат» пен «Тойота Карина» автокөліктері соқтығысты. Осы жол-көлік оқиғасының салдарынан «Пассат» пен «Тойота» автокөліктерінде отырған үш жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды», - делінген хабарламада.

Жүргізушілердің екеуі, сондай-ақ «Тойотаның» тағы бір жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Ертіс ауылының ауруханасына жеткізілген. Оқиға орнында полиция тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары