Бұл жаттығудың финалдық кезеңінде Қазақстандық гимнаст Милад Карими де сынға түскен болатын. Карими өз бағдарламасын орындау барысында кішігірім қателіктер жіберіп, 14.133 ұпай жинады.
Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық гимнаст бесінші орынға тұрақтады.
Айта кетелік, бұл спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы өкілдерінің Олимпиада ойындарында көрсетіп отырған ең үлкен нәтижелерінің бірі. Әсіресе Милад Карими еркін жаттығудан Олимпиадада үздік бестікке енген алғашқы қазақстандық гимнаст.
Ол Токио Олимпиадасындағы көпсайыс қорытындысы бойынша 14-ші орынға тұрақтады. Енді Карими гимнастикалық керме бойынша Олимпиада жүлдесіне таласады.