$ 494.87  520.65  4.91

Токио-2020: Сәкен Бибосынов қарсыласын нокдаунға түсіріп, жартылай финалға шықты

Осылайша, қазақстандық екінші боксшы жартылай финалға жолдама алды.
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

52 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Сәкен Бибосынов ширек финалда Испания боксшысы Габриэль Эскобармен жұдырықтасты. Бірінші раундта Сәкен қарсыласын нокдаунға түсірді. Нәтижесінде бес төрешінің үшеуі жеңісті Бибосыновқа берді.

Қазақстандық боксшы бұған дейін 1/8 финалда француз Билал Беннамды сенімді жеңген. Ал алғашқы кезеңде Бибосынов Пуэрто-Рико өкілі Янкель Ривера Фигероамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түскен еді. 

24 жастағы Бибосынов - 2019 жылғы әлем чемпионаты мен 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 

Осылайша, қазақстандық екінші боксшы жартылай финалға жолдама алды. Бұған дейін құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалда жеңіске жеткен. 

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары