$ 444.32  473.33  4.76

Токио-2020: Закир Сафиуллин жартылай финалға шыға алмады

Осылайша Токио Олимпиадасында ел намысын қорғауға барған 8 боксшымыздан екеуі ғана жартылай финалға шықты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Токио төрінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында тағы бір боксшымыз жартылай финалдық жарыста қарсыласына жол берді, деп хабарлайды ЭК.

63 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалдың жолдамасын аустралиялық спортшы Гарри Гарсайдпен сарапқа салған жерлесіміз Закир Сафиуллин 3:2 есебімен қарсыласынан ұтылып қалды.

Осылайша Токио Олимпиадасында ел намысын қорғауға барған 8 боксшымыздан екеуі ғана жартылай финалға шықты. Олар, 91 келіден жоғары салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен 52 келідегі Сәкен Бибосынов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары