$ 494.87  520.65  4.91

«Керуен-сарай» тағы да туристерге жақпай қалды: Желі қолданушылары кешендегі қураған ағаштарды қызу талқылауда

Түркістандағы «Керуен-сарай» кешеніндегі қурап кеткен ағаштар тұрғындардың шамына тиді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Әдемісі әдемі, бірақ отырғызылған ағаштардың 80%-ы қурап кеткен. Оларды асфальтпен жауып тастаған, мынандай ыстықта су құйылмайтыны көрініп тұр. Қандай аянышты. Мұндай солып қалған ағаштар туристерді үркітеді ғой», – деп жазыпты желі қолданушысы.

Ағаштардың не себепті қурап қалғаны жайлы облыс әкімдігінің өкілдері пікір білдірді. Олардың сөздеріне сүйенсек, талдарды "Эко Лайф" ұйымы отырғызған. 

“Кешеннің ашылуына асығып, ағаштарды техникалық талаптарды елемей отырғыза салған. Мұны ұйымның өздері мойындап отыр. Осы күзде қураған талдардың орнына жаңа көшеттер отырғызу жоспарланған. Бұған қоса, климатқа сай емес ағаштар таңдалғаны белгілі болды. Қаржылық шығындарды өздері өтейді”, – дейді Түркістан облысының әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов. 

Сонымен қатар ол кей ағаштар өніп, тіршілігін жалғастыруда екенін алға тартты. Жаңадан қанша көшет отырғызылуы керек екені сараптамадан кейін анықталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары