Жаңалықтар 04.08.2021 сағат 05:48

Өзбекстан Түркістанға сый ретінде 5 мың орындық мешіт салып жатыр

Түркістан қаласында салынып жатқан 5 мың орындық Ислам орталығының құрылыс келесі жылы аяқталады, деп хабарлайды ЭК.
Өзбекстан Түркістанға сый ретінде 5 мың орындық мешіт салып жатыр
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Түркістан облыстық әкімі, баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа иман ошағы Түркістан қаласына кіре берісте бой көтеріп келеді. Бұл Ислам орталығы көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы.

"Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізіліп жатыр. Жаңа жоба жан-жақты зерделеніп, әлем елдеріндегі озық тәжірибелер ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленген. Жаңа ғибрат орнында 5 мың адам бір мезгілде құдайға құлшылық ете алады. Мешіттің жалпы көлемі 20 000 шаршы метр"-деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім.

Мешітті жобалаушы мамандар заман талабына сай құрылыс технологиялары және өзімізге тән шығыстық үлгілердің барлығын қамтыған.

Ислам орталығының құрылысы жоспарға сәйкес келесі жылы аяқталады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар