$ 444.22  476.38  4.82

Елордада той, құдалық жасағандар жазаланатын болды

Сол күні үйлену тойы мен құдалық өткізген «Baqsarai» мен «Арман» банкет залдары да мейманға толы болған.

 Елордада шектеуге қарамастан той жасағандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Шектеу жасау шешіміне қарамастан, қала тұрғындары Қауылы талаптарын елемей келеді. Бұл ретте «El Plaza» банкет залында үйлену тойын өткізгендер анықталды. Ғимаратта карантин шектеулерін елемей, көңіл көтеріп жүрген 150-ден астам қонақ болған. Мобильді топ тексеруге барып, осы жағдайды анықтады», - делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сол күні үйлену тойы мен құдалық өткізген «Baqsarai» мен «Арман» банкет залдары да мейманға толы болған. Осы фактілерді ескере отырып, нысан иелеріне қатысты материал жинақталып, өкілетті органға жолданды. Жалпы, демалыс күндері мобильді топ 107 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, карантин талабын бұзудың 33 жағдайын анықтады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#той #карантин