$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан мектептерінде «Әліппе» қайта оқытылатын болды

Оқулық Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалып отыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

«Әліппе» және «Букварь» оқулықтары Қазақстан мектептеріне қайта оралып жатыр, деп хабарайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында оқулықтарды таныстырды.

«Бірінші қыркүйекте өтетін іс-шарада біз алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға салтанатты түрде «Әліппе» оқулығын табыс етуіміз керек. Бұл – игі дәстүр. Аталған бағыттағы жұмысты уақытылы ұйымдастыру кажет. «Әліппе» – бүлдіршіндердің алғашқы оқулығы. «Әліппе» оқулығы әзірленіп, өңірлерге жеткізіліп жатыр. «Әліппе» ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалды», – деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Әліппе