$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде жұмыссыз азаматтарға 85 мың теңге төленетіні рас па?

Министрліктің мәліметінше, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі табысы төмен азаматтарға субсидия төленетіні туралы ақпаратты теріске шығарды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алады деген ақпарат тарауда. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін хабарлайды. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осы ретте, министрлік жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын еске салды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары