$ 494.87  520.65  4.91

80 млн теңге пара бермекші болған: Шымкент қаласы мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары қамауға алынды

Олар аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікке ілінді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын әшкереледі.

Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деген күдікке ілінді.

Аталған тұлғалар ұсталып, Шымкент қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент