$ 494.87  520.65  4.91

Оралда өзенге батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Оралда өзенге батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 тамыз күні таңмен «Самал-3» шағынауданында «Set Sail» демалыс аймағы аумағында болды.

Сағат 09.10-да күзетші Шаған өзенінен 2001 жылғы жігіттің денесін шығарып алған. Марқұм сағат 08.00-де белгісіз жағдайда киімшең күйінде суға батып кеткен.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Осымен өңірде жыл басынан бері 27 адам суға кетсе, соның 9-ы – жасөспірімдер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары