$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысы Мәдениет басқармасы басшысы ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлім етті.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қызылорда облысы Мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы жеке кәсіпкерден нысанды кедергісіз қабылдап оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып беру үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Басқа ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары