$ 498.34  519.72  4.85

Алматыдағы өрт: 13 отбасы баспанасыз қалды

Өрттің шығу себептері анықталып, комиссия қорытындысы шыққан соң тұрғындарының баспана мәселесі бойынша шешім қабылданатын болады.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданындағы тұрғын үйден шыққан өрттің себептерін анықтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Жетісу ауданының Ақтолқын көшесі, 12 мекенжайдағы көпқабатты үйдегі өрттің себептерін тексеру Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жеке бақылауында.

«13 отбасы баспанасыз қалды, оның жетеуі туыстарының үйлерінде. Алты отбасының 23 мүшесі уақытша қонақүйлерге орналастырылған. Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр, оның ішінде гигиена бұйымдары мен тағам бар. Мектеп жасындағы балаларға оқу жылына дайындалуға көмек көрсетіледі»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Өрттің шығу себептері анықталып, комиссия қорытындысы шыққан соң тұрғындарының баспана мәселесі бойынша шешім қабылданатын болады.

Еске салайық, кеше Алматыда 1943 жылы салынған екі қабатты үй өртеніп, төрт адам құтқарылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары