$ 498.51  522.84  4.81

Жамбыл облысында теміржол көпірін су шайып кетті

Қазіргі уақытта жүк және жолаушылар пойыздары тоқтатылды.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Жамбыл облысындағы Тасөткел ауылы маңында теміржол көпірі қирады. Пойыздар тоқтап тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, Меркі ауданының таулы аумақтарында нөсер жаңбыр жауып, содан пайда болған су тасқыны жергілікті автожол мен Аспара-Шу аралығындағы теміржол көпірінің тіреуін шайып кеткен.

"Су өткізу нысаны толық режимде жұмыс істеп тұрған. Дегенмен судың тасқыны мен қысымына төтеп бере алмады. Қазіргі уақытта жүк және жолаушылар пойыздары тоқтатылды. Жолды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған теміржол және автотракторлық техника, 75 т/ж қызметкерлері жұмылдырылды, қажет болған құрылыс материалдары жеткізілді. Жұмыс ертең таңда аяқталады деп жоспарланып отыр.

Осыған орай:

- №712 "Шымкент - Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол";
- №78 "Манғыстау - Алматы-2";
- №42 "Атырау - Алматы-2";
- №23 "Алматы-1 - Ақтөбе";
- №33 "Алматы-2 - Ақтөбе";
- №29 "Алматы-2 - Атырау" бағытындағы жолаушылар пойыздары кешігіп келеді", - делінген ҚТЖ хабарында.

Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе "105" бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары