$ 494.87  520.65  4.91

ҚР Қаржы вице-министрі ауысты

ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне Руслан Бекетаев тағайындалды, деп хабарлайды «Қазақпарат» аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 шілдедегі №830 қаулысымен Бекетаев Руслан Бақытжанұлы ҚР Қаржы вице-министрі болып тағайындалды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметте болған Берік Шолпанқұлов Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.

Бекетаев Руслан Бақытжанұлы 1975 жылдың 16 қарашасында дүниеге келген. Еңбек жолын 1996 жылы бастаған ол ҚР бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясының лицензиялау және қадағалау департаментінің жетекші маманы, бөлім меңгерушісі, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, директор орынбасарының м.а. болып жұмыс істеген.

2001-2004 жылдары ҚР Ұлттық банкі қаржылық қадағалау департаментінің инспекциялау басқармасының бастығы болды. 2004-2005 жылдары — ҚР қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің банктерді қадағалау департаментінің инспекциялау басқармасының бастығы. 2005-2010 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет атқарды. 2011 жылы — «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 2011 жылдың шілде айынан ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг бойынша комитеті төрағасының орынбасары, Қазынашылық комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары