$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында жаңбырдың салдарынан сел жүруі мүмкін

Алматы облысында төтенше ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 28 шілде күні жаңбырдың толассыз жаууына байланысты Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде су тасқыны болып, сел жүруі мүмкін.

«Соған байланысты Алматы қаласының тұрғындарынан тиісті қауіпсіздік шараларын қолға алып, таулы өңірлерге серуендеуге бармауды сұраймыз», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Жамбыл облысында да осындай ескерту жарияланып отыр.

Синоптиктердің болжамы бойынша, бүгін аталған өңірде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 18-23 метрге жетеді, кей жерлерде 30 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыс орталығы - Таразда қатты жел соғуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Қазгидрометтің хабарлауынша, шілденің соңғы күндері жаңбырлы әрі салқын болады. Жоғары температура тек батыс аймақтарда ғана байқалады. Мұндай ауа райы Батыс Сібірден келген циклонның әсерінен қалыптасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары