Алматы тауларындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда, деп хабарлайды BNews.kz Алматы облыстық ТЖД басшысы Сәбит Битаев мәлімдемесіне сүйеніп.
Сәбит Битаевтың хабарлауынша, жалпы аумағы 650 ш.м. құрайтын от ошағы тау бөктерінің үш жерінде тұтанған. Өртті сөндіруге Алматы қаласы мен облысының ТЖД жеке жасақтарынан 120 адам, үш тікұшақ: ТЖМ екі тікұшағы, Құтқару қызметінің 1 тікұшағы - жұмылдырылды. Өртті сөндіру мен салдарын жою жұмысына сондай-ақ Апаттық медицина орталығы, жедел жәрдем дәрігерлері, «Қазәуеорманкүзеті», «Қазәуеқұтқару» мен Ұлттық саябақ қызметкерлері атсалысуда. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
— Өрт аумағы 7-8 га. шөпті алқап. Жалпы аумағы 650 ш.м. шырша астындағы жерлер өртеніп жатыр. Ашық өрт байқалмайды. Сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз, — деп мәлім етті Сәбит Битаев.