Алматы облысында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаз өзіне қол салып қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 2016 жылдың 2 қазанында 78460-шы әскери бөлімінде орын алған. "Саябаққа тәуліктік күзетке өзге сарбаздармен түскен Вербицкий өзіне қол салған. Оқиға орнында марқұмның өз қолымен жазып қалдырған хаты табылды. Онда ол өліміне ешкімді кіналамайтынын айтқан", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша құзырлы орган өкілдері тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қатардағы сарбаз Вербицкий әскер қатарына 2016 жылдың мамыр айында шақырылған.