$ 498.34  519.72  4.85

Британдық дәрігерлер алғаш рет ВИЧ-ке шалдыққан ересек адамды емдеді

Ұлыбританияда ВИЧ індетіне шалдыққан ересек науқас ауруынан құлан-таза айығып шықты. Бұл туралы Оксфорд және Кембридж университетінің дәрігерлері хабарлап отыр деп жазады Lenta.ru.

Дереккөздің мәліметінше, науқастың жасы 44-те болған. Ол вируске қарсы арнайы емдомнан өткен 50 адамның бірі. Дәрігерлердің айтуынша, емдеудің жаңа тәсілі бүкіл ағзадағы вируспен бір сәтте күресіп, оны жеңіп шыға алады екен. Ал, бұған дейінгі препараттар тек вирустың белсенділік көрсеткен жерлерінде ғана күреске түсе алатын. Осы жаңа тәсілмен емделген науқаста қазір ВИЧ-тың ізі де жоқ дейді мамандар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2014 жылы ВИЧ індетіне шалдыққан адамдар саны 37 миллионға жеткен. Сондай-ақ, 34 миллион науқас иммунитеттің төмендеуі салдарынан түрлі ауруларға шалдығып қайтыс болған екен. Жыл сайын аталған вирустан 1,5 миллион адам көз жұмса, 2,2 миллионы оны жұқтырады. Әлемде осы науқасқа шалдыққандардың тек жартысы ғана тиісті дәрі-дәрмекке қол жеткізе алатынын да айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары