$ 494.87  520.65  4.91

Әкім журналист қыздан кешірім сұрау үшін орынбасарының шешімін күтпек (видео)

Оның айтуынша, бұл оқиғаға байланысты комиссия құрылып, мән-жайды анықтамақ. Ол комисияны әкімнің орынбасары басқарады екен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбек әкімдік ғимаратынан «Хабар» телеарнасының тілшісін күзетшінің көтеріп сыртқа шығарып жібергеніне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ЭК.
Оның сөзіне сенсек, оқиға болып жатқанда әкім жұмыс орнында болмапты.

"Алатау ауданында Шетсіз қала бағдарламасы аясында біраз шаруалар атқарылып жатыр. Өзіміз аралап, атқарылып жатқан істерді қадағалаймыз. Кеше Алғабас ықшамауданын аралап шықтық. Мен ол кезде әкімшілік ғимаратында болған жоқпын. "Хабар" арнасының тілшісі келіп, турникеттің астынан өткен. Ashyq-ты талап еткенде, журналист одан өтпеген. Дегенмен қызметкеріміздің іс-әрекетін ақтамаймыз", — деп ақталды әкім.

Оның айтуынша, бұл оқиғаға байланысты комиссия құрылып, мән-жайды анықтамақ. Ол комисияны әкімнің орынбасары басқарады екен.

Күзетші ғана емес, бұйрық берген әкімдік қызметкерлері де жауапқа тартылатынын жеткіземін, - деді бір сөзінде Азамат Қалдыбек.

Дей тұрғанмен, ол тілші қыздың да кәнісі бар екенін жұқалап жеткізді.

Бүкіл Қазақстан Ashyq қосымшасымен жұмыс істейді. Бәріне белгілі ереже. Ashyq қосымшасын қазір барлық жерде талап етіледі. Халыққа елге жақын екенімізді көрсеттік. Мұнда кез келген аудан тұрғыны жауап ала алады, - деп ақталды әкім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары