$ 449.58  486.94  4.86

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Көліктер бетпе-бет соқтығысқан. Екеуінің де алдыңғы бөлігі жапырылып, жұлынып кеткен.
Фото: Inform.kz
Фото: Inform.kz

Алматы облысының Райымбек ауылында ірі жол апаты болды. Toyota Carina мен "Лада 2107" көліктері соқтығысты. Төрт адам көз жұмды, тағы төрт адам зардап шекті, деп жазады sputnik.kz.

Апат видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі апат таңғы 08:40-та болғанын растады. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Carina жүргізушісі жолдың қарама-қарсы қозғалыс бағытына шығып кеткен.

""Лада 2107" көлігінің 21 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. "Лада 2107" 61 жастағы жүргізушісі мен Toyota Carina-ның екі жолаушысы Қаскелең ауруханасында қайтыс болды. Төрт адам түрлі жарақат алды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиғаға қатысты сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары