$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус пен пневмониядан тағы 141 адам көз жұмды

Қазіргі уақытта 208 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанда 24 тамызда коронавирус пен пневмониядан тағы 141 адам көз жұмды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Оның 115-і COVID-19 вирусынан, қалғаны пневмониядан қайтыс болған. 

26 тамыздағы мәлімет бойынша, 117 566 адам коронавирус инфекциясынан (–111 242 + және 6 324 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 27 244 пациент стационарда, 90 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 857 адамның жағдайы ауыр,
516 пациенттің жағдайы өте ауыр,
208 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары