$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл өзі қандай дәстүр?» Бесікке мінген әже қоғамның сынына қалды (видео)

Баланы бесікке салып жатқан кездегі видео әлеуметтік желідегі пабликтерде қызу талқыланып жатыр.

Баланы бесікке салып жатқан кездегі видео әлеуметтік желідегі пабликтерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Пабликтерден басқа, бұл видеоны журналист Гүлназия Жалғасқызы да жеке парақшасына жүктеп, оның жазбасын аудитория қатты талқылауда.

Бірі әженің қылығын масқараға теңесе, бірі қазақта бұндай дәстүр бұрыннан болған дейді. Дегенмен, көпшілік баланың беті ашық жатқанда, бесігімен қоса, оның үстіне мініп алған әжей мен оның айналасындағылардың бұл әрекетке көзден жас аққанша күлгенінен қатты сынға алды.

ЭК тілшісі этнографияға қатысты отыз жылдан астам уақыттан бері мақала жазып жүрген журналист, қазір дәстүр туралы жазатын журналдың қызметкері Сәния Әбдікәрімовамен сөйлесіп, дәстүрдің тарихын сұрады.

"Мен де бұл видеоны көрдім. Әрине, бұндай дәстүр қазақта бар. Бірақ дәл мына видеодағыдай өрескел жасалмайды. Мына видеодағы келіншектердің қылығы әрине ерсі көрінеді, - дейді Сәния Әбдікәрімова.

Бұл салтты баланың туған-туысына алғаш сәлем беруі деп атауға болады. Бұрын бала туғанда, бесігіне құрметті, сыйлы жеті адамның сырт киімін жабатын. Яғни сондай адам болсын деп ырымдайды. Сосын, әжесі болсын, немесе басқа сыйлы әйел адам бесікке мінген адамның ырымын жасап, яғни, мына видеодағыдай, ашық бесікке мініп алмай, алдымен нағашы жұртына сәлем бергізеді", - дейді этнограф.

Яғни этнограф журналистің айтуынша, бесікті қолына ұстаған адам әр тараптың алдына барып, "бұл сенің нағашыларың" деп таныстырып, ол жаққа рақмет айтады. Бесік салуға жиналған әрбір жұртын, туысын солай таныстырып шығады.

Ал, мына видеодағыдай, ерсі қылық танытып, күлмейді. Бұны жасаған кісілер дәстүрдің түпкі мақсатын түсінбеген болар, - дейді Сәния Әбдікәрімова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары