$ 444.22  476.38  4.82

31 тамызға арналған ауа райы болжамы

Республикамыздың орталығы пен шығысында қатты жаңбыр жауады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Синоптиктер 31 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін сақтады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, орталық пен шығыста қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, орталықта, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Тек еліміздің батысы, солтүстік-батысы және солтүстікте антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Алматы облысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстігінде түнде тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде және орталығында найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғады, жел 15-20 м/с соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында найзағай ойнайды, дауыл соғады, облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с, солтүстік-батысымен орталығында екпіні 23 м/с болады.

Павлодар облысының батысында тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде және солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігімен шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігі мен батысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Қызылорда, Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында және оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы