$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан: Аза тұту күнінен кейін мемлекеттік туды теріс қаратып іліп қойған

Видео авторы Қаламқас Ботабекованың айтуынша, кеше еліміз бойынша жалпыұлттық Аза тұту күнінде бұл мекемедегі Мемлекеттік ту тіпті төмен түсірілмеген екен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік ту Түркістан қалалық коммуналдық мемлекеттік мекеме алдына ілінген, деп хабарлайды ЭК.
Түркістан қаласында "Түркістан жол қызметі" КММ ғимараты алдында желбіреп тұрған Тудың теріс ілінген сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.

Видео авторы Қаламқас Ботабекованың айтуынша, кеше еліміз бойынша жалпыұлттық Аза тұту күнінде бұл мекемедегі Мемлекеттік ту тіпті төмен түсірілмеген екен. Бірақ көп ұзамай көк байрағымыз мүлдем алыныпты.

"Кеше елімізде өткен жалпыұлттық аза тұту күнінде барлық жердегі мемлекеттік ту төмен түскенін, бірақ дәл осы мекемеде түспегенін айтқан болатынмын. Жиырма минут көлемінде ту алынып тасталды. Қайта ілініп қойыпты. Қыран құсымыз күннің үстінен теріс қарап шығып қалыпты ғой..." — дейді автор.

ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы заңының 4-бабында мемлекеттік туды пайдалану тәртібі көрсетілген. Рәміздерді дұрыс пайдаланбау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Қылмыстық кодекстің 372-бабы (ҚР Мемлекеттік рәміздерін қорлау) бойынша 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, болмаса 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары