Болашақ – жастардікі. Дәл қазіргі жастар еліміздің болашақ әл-ауқатының негізін қалайды. Сондықтан Қазақстанда жастар саясатына үлкен көңіл бөлінеді, бағдарламалар жасалады, айтарлықтай қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Мемлекет басшысы да кезекті жиындарда жастарға, өскелең ұрпаққа жиі бағдар беріп келеді.
«Біздің негізгі міндеттеріміздің бірі жастар саясатын жетілдіру болып отыр. Үкімет 2020 жылы жастарды қолдау бойынша кешенді шаралар қабылдады. «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобалары, мемлекеттік жастар саясаты, волонтерлік қызмет туралы заңдар дайындалуда. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, Қазақстанда жастардың даму индексін енгізу қажет. Жергілікті органдардың жастар саясатын іске асыру жөніндегі жұмысы осы өлшем негізінде бағаланатын болады», - деген болатын Тоқаев.
Заманауи Қазақстан қарқынды дамып келеді. Қазақстандық қоғам өмірінің барлық салалары жетілдіріліп, ілгерілеуде. Прогрестің басты ресурсы – адам әлеуеті, оның ішінде жастар жетекші рөл атқарады. Жастарды табысты әлеуметтендіру – Қазақстанның болашағы табысының кепілі. Skifnews.kz ақпараттық порталы «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Болысовтан Қазақстандағы жастар саясатының барысы туралы білген еді.
«Қазір «Digital» ұрпағы бүкіл әлемде өсіп келеді. Бүгінгі балалардың қолында телефонмен туылғаны біз үшін құпия емес және екі жастаы бала қырық жастағы азаматқа қарағанда, планшетті немесе смартфонды қалай пайдалану керегін жақсы біледі. Қазақстандық ұрпақты «Digital» деп те атауға болады, өйткені бізде әлеуметтік желілер ашық, коммуникацияның түрлі тәсілдеріне қол жетімділік бар. Әлемде әлеуметтік желілері, көптеген сайттар жабылған елдер де бар. Қазақстанда бәрі ашық, біз бүкіләлемдік ғаламтордың барлық артықшылықтарын пайдалана аламыз. Ақпараттық технологиялар саласында тез дамып келе жатқанымызды түсінемін. Бұған мысал ретінде, бізде халықаралық ақпараттық технологиялар университеті ашылды, бұл ІТ саланың Қазақстанда қаншалықты маңызды екендігінің көрсеткіші. Оған қоса, осы саланы дамыту үшін көптеген алаңдар құрылды. Жақын болашақта біз көптеген мамандарды дайындап шығамыз және бұл одан әрі дамуға көмектеседі», - дейді ол.
Тоқтар Болысов саладағы кемшіліктер мен қиыншылықтарға да тоқталды.
«Біз жастар саясатын іс жүзінде үйреніп келеміз, яғни университетте немесе қандай да бір кафедрада жастар саясатына қатысты білім берілмейді. Біз тек менеджмент, маркетинг бойынша кітаптар оқимыз, шетелдік жастар саясатын шолып шығамыз. Біздің жастар ұйымдарының жетекшілері жастармен сөйлесу үшін облыстарға жиі баруға тырысады, біз олардың кеңесін, пікірін сұраймыз, олардың берген ақпаратын ескере отырып, қандай да бір бағдарламалар мен іс-шаралар жасаймыз. Бұл, әрине, жақсы, бірақ егер қандай да бір негіз болса, одан да жақсы болар еді», - дейді ол.
Ел арасында жастар саясаты – бұл жалаушарды жалаулату, күмәнді форумдар мен конференциялар және тиімділігіне күмән келтіретін бірнеше мемлекеттік бағдарламалар деген күмән да жоқ емес. Бұл жөнінде спикер ауыз толтырып айтарлықтар жобалар жеткілікті дейді.
«Мен осыдан 10 жыл бұрын бастаған кезде, біз шынымен флеш-мобтармен ғана шектелдік. Бірақ содан бері көп нәрсе өзгерді. Жастар саясатында бәрі мінсіз емес екенін жоққа шығармаймын. Жастар ұйымдары қандай да бір іс-шараларды тек бюджетті игеру үшін, яғни іс жүзінде жұмыс көрінісін жасау үшін өткізетін кездері болады. Бірақ нақты пайда әкелетін көптеген сапалы жобалар да бар. Мысалы, өткен жылы біз театр құрдық, оған есту және сөйлеу қабілеттерінде кемшілік бар жас актерлерді алдық. Біз ұйымдастырған барлық өңір бойынша гастрольдер үлкен аншлагпен өтті. Сондай-ақ, өзім басқарған «Жасыл ел» жобасын алайық. Жыл сайын еліміз бойынша миллионға жуық ағаш отырғызамыз. Осы жоба аясында 10 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты.
Немесе төртінші жыл жұмыс істеп келе жатқан Дүниежүзілік банкпен бірлескен «Жас прожект» жобасы. Біз жастарды жинаймыз, жарты жыл оқытамыз және жергілікті жерлерде бизнес ашу үшін миллион теңге несие береміз. Бұл ретте мұнда бюджеттік ақшаның бір тиыны жоқ. Бұл жобаның табыстылығын ашық бизнестің 80% - дан астамы әлі күнге дейін жұмыс істейтіндігі дәлелдейді. Мен бұл туралы сеніммен айта аламын, өйткені жоба аясында біз әрбір бизнесті қадағалаймыз. Мұндай пайдалы жобалар көп», - дейді ол.