$ 494.87  520.65  4.91

Жарылыстан зардап шеккен прокурор төсекте емес, есікте жатыр

Тым болмаса есіктің топсасы да алынып тасталмаған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

26 тамыз Тараздағы әскери бөлімдердің бірінде инженерлік оқ-дәрі жарылып, әскерилер мен өрт сөндірушілер зардап шекті. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Жақында есін жия бастаған зардап шегушілер бірінен кейін бірі журналистерге сұхбат беріп, оқиғаның қалай өрбігенімен бөлісуде.

Әскери прокурор Арман Қапезов оқиға орнына екі көмекшісімен келген. Жарылыс салдарынан бірінің омыртқасы сынған. Жарақат алғанына қарамастан ол аман қалу үшін бір шақырым жер жаяу жүрген.

– Иығыма бір адамды салып алдым. Содан кейін қоршаудан өттім, қасымдағы кісіні сүйреп шығардым. Сосын төрт метрлік траншеяға құладық. Барлығы ақырындап жолға шықты, бізге бір көлік иесі тоқтады. Бірақ көлік іші адамға толы болды. Сол көлікке әлгі кісіні отырғызып жібердім. Ешбір машина тоқтамады, адамдар үрейленіп қалған. Соңында бір әскери «Нива» көлігі тоқтады, мен соған отырдым. Ары қарай есімде ештеңе жоқ, – деді оңтүстік өңірдің әскери прокуратурасының аға прокуроры Нұрбек Көшеков.

Ең қызығы, прокурордың суретінен оның төсекте емес, есікте жатқаны белгілі болды. Тым болмаса есіктің топсасы алынып тасталмаған. Бұл желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті.

Еске салсақ, 26 тамыз сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Нәтижесінде жалпы саны 15 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды. 1 адам іздестіріліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары