$ 444.22  476.38  4.82

Нұр-Сұлтанда мектептен өрт шығып, оқушылар эвакуацияланды

Нұр-Сұлтанда №54 мектеп-лицейінде өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт бүгін таңертең 9:04-те басталған. Бірінші қабаттағы төбенің жылылау үшін қолданылатын жабындысы тұтанды.

"Өрт сөндіру қызметіне Байқоңыр ауданы Иманбаев көшесіндегі №54 мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер бірінші қабаттағы төбе жабындысының тұтанғанын анықтады. Өрт 15 минут ішінде сөндіріліді", - делінген хабарламада.

Өрт аумағы 8 шаршы метрді құраған. Оқушылар өрт сөндірушілер келгенге дейін эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Оқу процесі жалғасуда.

Өртті сөндіруге сегіз өрт сөндіруші қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары