Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Спутник V» әлі күнге дейін халықаралық сертификат алмағанына қатысты ойын айтты деп хабарлайды Paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Өзім «Спутник V» вакцинасын салдырдым. Сондықтан ол тиімді деп ойлаймын. Вакцинаның халықаралық сертификат алмағанына таңғалдым, - деді ол Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында.
Президент «Спутник V» де-факто» барлық әлемде мойындалғанын жеткізді. Әлемдегі 60-тан астам мемлекет осы вакцинаны қолдануда.
Модератордың сөзіне жауап берген Қазақстан президенті елге вакцина жеткізу бойынша келіссөз барысында Ресей ешқандай алдын ала талап қоймағанын жеткізді.
Шығыс экономикалық форумы 2-4 қыркүйек аралығында Владивостокта Қиыр шығыс федералды университетінің кампусында өтіп жатыр. РИА Новости - форумның бас ақпарат серіктесі.
Қазақстанда биыл ақпан айында екі компонентті «Спутник V» вакцинасы тіркелді. Ол Ресейдің Н.Ф. Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының қолдауымен «Қарағанды фармацевтикалық кешенінде» шығарыла бастады.
«Спутник V» вакцинасы жалпы тұрғындар саны 3,5 миллиард адам болатын 67 елде қолданылады.