$ 449.58  486.94  4.86

Тоқаев Қазақстан неге ауған босқындарын қабылдамағанын түсіндірді

Тоқаев 2021 жылы Шығыс экономикалық форумында онлайн-режимде сөз сөйледі.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ауған босқындарын неге уақытша орналастырға келіспегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Тоқаев 2021 жылы Шығыс экономикалық форумында онлайн-режимде сөз сөйледі. Онда Президент ауған босқындарын Қазақстанға орналастыру мәселесі әлі де қаралып жатқанын айтты.

"Америка әкімшілігімен екі, үш ай немесе алты ай бойы, белгісіз мерзімде жұмыс істеген ауған босқындарын паналату мәселесіне келетін болсақ, қабылдау туралы шешім шығарылған жоқ. Қазақстанның егеменділігімен байланысты көптеген ерекшеліктер бар. Қазақстанға келуі тиіс адамдарда виза болған жоқ, сонымен қатар логистиканың өзі бұл мәселені шешуге мүмкіндік бермеді", - деді Тоқаев.

Бұған дейін WhatsApp желісінде Қазақстанға 70 мың ауған азаматы келеді деген қауесет тараған болатын. Алғашқы 500 адам Шымкент әуежайына келгені, тағы 1500 адам жақын күндері келетіні айтылды. Сыртқы істер министрлігінде босқындарды Шымкент пен Түркістан облысына орналастыру туралы ақпарат екі рет ресми түрде жоққа шығарылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары