Алматыда екі бала 9 қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Наурызбай ауданында 3 және 5 жастағы балалардың қаза болуына байланысты ата-аналарына көңіл айтамын. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жазатайым оқиға салдарынан болған», - деп жазды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-де.
Қала басшысы Полиция департаментіне оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, объективті тергеу жүргізуді тапсырыды. Әкім жағдайды жеке бақылауында ұстайтынын айтты.