Қуат Ахметов негізін қалаушы саналатын Til Maydani YouTube арнасы бейнежазбалар платформасынан жоғалып кетті. Арнаны іздеу көмегімен табу мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай жағдайға YouTube желісінің ішкі саясатын бір немесе бірнеше рет бұзудың нәтижесі алып келуі мүмкін. Арна жазылушыларының жалпы саны 20 мыңға жуық қолданушыны құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Til Maydani YouTube арнасының негізін қалаушы Қуат Ахметов қоғамда резонанс туғызған "тілдік рейдтер" деген атаумен бейнежазбалар топтамасын жариялағаннан кейін даудың ортасында қалған болатын. Бейнежазба кадрларынан дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындары қызметкерлерінің өзіне және басқа азаматтарға мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеуінен туындаған жанжандарды көруге болады.
Бұған дейін, Ішкі істер министрлігі Ахметовтің бейнежазбаларын тексеретінін және "материалдардың мазмұны мен осы бейнеклиптерде пайда болған адамдардың әрекеттеріне процедуралық баға беретінін" хабарлаған болатын. Кейіннен Ахметовтың 145 850 теңге төлеуге міндеттелгені белгілі болды.
Ресей ІІМ өз кезегінде Қазақстан азаматы Қуат Ахметовке бейнероликтерде ұлтаралық араздықты тудырғаны үшін Ресей Федерациясына 50 жылға кіруге тыйым салды.
Ал тамыздың соңғы күндерінде әкімшілік жазадан қорыққан Қуат Ахметов Грузияға қашуға мәжбүр болды.