$ 447.4  477.55  4.76

Орал мектебінде сабақ кезінде он баланың көзі күйіп қалған

№3 орта мектеп директоры Любовь Юшинаның айтуынша, 4 қыркүйекте алтыншы сынып оқушылары кварц шамы қосулы қалған сыныпта сабақ оқыған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Орал қаласындағы №3 орта мектепте оқыс оқиғаға қатысты жеке тергеу жүргізіліп жатыр. Сыныптардың бірінде кварц шамы қосулы болған, нәтижесінде он оқушы медициналық мекеме көмегіне жүгінген. Балалардың көзі күйіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

№3 орта мектеп директоры Любовь Юшинаның айтуынша, 4 қыркүйекте алтыншы сынып оқушылары кварц шамы қосулы қалған сыныпта сабақ оқыған. Балалар көзі ашып, ауырғанын айтып шағымданған.

"Қазіргі уақытта бұл оқиға тексеріліп жатыр. Барлық мән-жай тексеріледі. Педагогикалық ұжымның, медицина қызметкерлерінің, мектеп директорының орынбасары мен мектеп директорының қызметі тексеріледі. Өкінішке қарай, бес минут ішінде оқушылар мұғалім назарынан тыс қалған. Олар үзіліс кезінде шамды өздері қосқан болуы мүмкін", - деді Любовь Юшина.

Денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекке тек 10 оқушы жүгінгенін баса айтты.

"Облыстық көпсалалы аурухананың пунктіне 8 ата-ана жүгінді. Жедел жәрдем желісі бойынша екі қоңырау түсті. 10 оқушы зардап шекті. Олардың бәрі тексерілді. Диагноз: электроофтальмия, көз қабығының жеңіл дәрежеде күюі. Балаларға қажетті медициналық көмек көрсетілді", - деді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова.

№3 орта мектеп зардап шеккен балалар және ата-анамен байланыста болатынын айтты. 6 қыркүйекте зардап шеккен мектеп оқушылары сабаққа барады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары