Жаңалықтар 08.09.2021 сағат 18:00

«Интимдік сипаттағы видео жариялаймын»: Алматыда жас қыздан 12 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды

Криминалдық полицейлердің мәліметінше, ақша табудың бұл әдісін «Шаңырақ» ықшам ауданының тұрғыны қолданған.
«Интимдік сипаттағы видео жариялаймын»: Алматыда жас қыздан 12 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды
Фото: ашық дерекөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда бойжеткеннен 12 миллион теңге бопсалаған 40 жастағы ер адам ұсталды деп хабарлады Polisia.kz.  Криминалдық полицейлердің мәліметінше, ақша табудың бұл әдісін «Шаңырақ» ықшам ауданының тұрғыны қолданған. 

«Полицияға 23 жастағы қыз жүгінді, ол анасының танысы әлеуметтік желіде интимдік сипаттағы суреттер мен видеоларды жариялаймын деп қорқытып, бопсалау арқылы 12 миллион теңге талап етіп отырғанын айтты», – дейді Алматы қаласы криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. 

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол танысынан бопсалаған ақшаның бір бөлігін алғанын мойындаған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Сонымен қатар, бұрын ер адамның ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталған. Еске сала кетсек, бұған дейін шымкенттік жігіттен екі миллион теңге ақша бопсалаған 21 жастағы атыраулық ару туралы жазған едік. 
Алғашында бойжеткен жігіттің екі миллион теңгесін алып, кейін одан 1 540 000 теңге сомасында тағы да ақша талап еткен.

Осыдан кейін 18 жастағы жігіт полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, көмек сұраған. Оның сөзінше, қыз оған «Зорлау» фактісі бойынша айып тағып, үстінен іс қозғататын айтып, қорқытқан. Жігіттің айтуынша, жыныстық қатынас екі жақты келісіммен болған. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар