$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде 2022 жылы тұрғын үй бағасы қымбаттайды

Тұрғын үйдің бағасы 30-40 пайызға көтерілді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанда тұрғын үйге деген сұраныс әлі де жоғары. Себебі, 2 млн адам баспанасыз жүр.

Бұл туралы Orda.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.

Үйсіз-күйсіз жүрген 2 млн адамның 1 млн 700 мыңы Отбасы банкінде салымшы, ал 500 мыңы әкімдікте үйге кезек күтуде.

Ал нарықта небәрі 11 млн шаршы метр, яғни, 172 мың пәтер сатылымға шыққан.

Жыл соңына дейін үй бағасы 5%-ға, ал 2022 жылдың наурызында жаңа үйлер 10-15 пайызға қымбаттайды. Бағаның өсіміне импорттық құрылыс материалдарының қымбаттауы, доллардың өсуі, жұмысшылар айлығын көбейту әсер етпек.

 – Қазір құрылыс заттары 90 пайызға қымбаттады. Ал тұрғын үйдің бағасы 30-40 пайызға көтерілді. Шаршы метрдің де бағасы бір уақытта, бір айда қымбаттамайды. Ол 5-6 айға созылады, – деді Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев. 

Айта кетсек, 2022 жылы азаматтар зейнетақы қорындағы шекті сомадан асатын қаражатын Отбасы банкіндегі депозитіне аудара алады. Бұл мүмкіндікті қазірдің өзінде 190 мың отбасы пайдалануға дайын.

– Құрылыс компаниялары бірігіп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы салынатын үйлерге, объектілерге, басқасы бар «біз бітіре алмай қалдық, өйткені құрылыс материалдары қымбаттады» деп қосымша 270 млрд теңге сұрап отыр. Бұл жағдайды пайданалып кеткісі келіп тұрған кәсіпкерлер де бар. Көбірек ақша алып алайық, көбірек бөлінсін деген сияқты. Тым созуға да болмайды. Созатын болса нысандар сол күйі қалып қалуы мүмкін, – дейді экономист Мақсат Халық. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары