Алматы облысында отбасысылық шараға жиналған туысқандардың төбелесіне қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы облысының Полиция департаменті 13 қыркүйекте әлеуметтік желіде тараған төбелесіне қатысқан бір топ адамның анықталғанын хабарлады.
«12 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында Іле ауданында Междуреченск кентінің «Сокол« саяжайында 34 жастағы тұрғын үйінде марқұмды еске алу шарасын ұйымдастырғаны анықталды. Көптеген адамдар жиналған іс-шара барысында мас күйде болған үй иесі мен оның туыстарының бірі арасында жанжал шығып, олар өзара төбелескен. Қалған туыстары жанжалға араласып, аталған екі ер адамды тоқтатқан. Жанжалға қатысушының ешқайсысы полицияға жүгінген жоқ», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Дегенмен, Іле ауданының ПБ қызметкерлері тексеру жүргізді. Карантин режимін бұзғаны үшін үй иесіне қатысты материал Іле санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Жанжал шығарған ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабында қарастырылған «ұрып-соғу» әкімшілік өндіріс қозғалды. Ол таяуда сотқа жолданады.