$ 494.87  520.65  4.91

Таразда көлік жүргізуші аялдамадағы тұрғындарды таптап өтті

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болып, екеуі Тараз қалалық №1 ауруханасына жатқызылған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Таразда жүргізуші төрт адамды қағып кетті. Зардап шеккендердің екеуі оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов мәлім етті. 15 қыркүйекте Таразда Сейфуллин көшесімен Бауыржан Момышұлы көшесіне қарай келе жатқан көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болып, екеуі Тараз қалалық №1 ауруханасына жатқызылған.

"Факт бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Полицейлер Тараз қаласының 23 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Жанат Сүлейменов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары