$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында төрт түлік батпаққа батып жатыр

Қызылқоға ауданына қарасты Қоныстану ауылы маңында Ойыл өзенінің құрғаған бөлігінде ауылдың сиырлары батып қалған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Атырау облысында арнасы құрғаған Ойыл өзеніне су ішуге келген сиырлар батпаққа батып қалған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Қызылқоға ауданына қарасты Қоныстану ауылы маңында Ойыл өзенінің құрғаған бөлігінде ауылдың сиырлары батып қалған. Әлеуметтік желіде жарияланған суреттерден батпаққа батып, тек басы ғана көрініп тұрған сиырларды байқауға болады.

Қоныстану ауылында төрт сиыр бұрынғы Ойыл өзенінің орнына келіп, батып кеткен. Шаруалардың көмегімен сиырларды батпақтан шығарып алдық. Тұрғындар төрт түлігін қадағаласа, осындай жағдайлар орын алмас еді, - дейді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары