$ 494.87  520.65  4.91

Волонтерлік қызмет қазақстандықтардың азаматтық белсенділігінің маңызды нысанына айналуда

Неліктен адамдар жалақы талап етпестен жұмыс істеуге дайын? Қазақстандық волонтерліктің ерекшеліктері қандай?
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Волонтерлер жылының нәтижелері бойынша волонтерлік ұйымдардың саны үш есеге, белсенді волонтерлердің саны төрт есеге ұлғайған. Пандемия кезінде еріктілердің көмегі ерекше байқалды. Еліміздегі пандемия кезінде еріктілер 950 мыңнан астам азаматқа қол ұшын созды. Оның ішінде гуманитарлық көмекті бөлуде, мүгедек адамдар, балалар және жасөспірімдермен жұмыс жасауда көмек көрсетті.

Неліктен адамдар жалақы талап етпестен жұмыс істеуге дайын? Қазақстандық волонтерліктің ерекшеліктері қандай? Skifnews.kz ақпараттық порталынан оқыңыз.

Өткен жылы волонтерлердің республикалық және 17 өңірлік фронт-офисі құрылып, өз қызметін бүгінге дейін жалғастырып келеді. Биыл жылдың бірінші жартыжылдығында 113 мыңнан астам еріктінің қатысуымен 6 мыңға жуық іс-шара өткізілді. Волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде 528 миллион теңге сомасына 40-тан астам жобаны іске асыру көзделген.

Talap орталығының бағалауынша, еріктілердің Қазақстан экономикасына қосқан экономикалық үлесі 2020 жылы 3,9 миллиард теңгені құраған. Волонтерлік қызметтің ең көп үлесі Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласына — 68 пайыз және абаттандыру мен тазалық саласына — 12 пайыз тиесілі.

Осы ретте ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мемлекеттік органдарға құқықтық және психологиялық көмек көрсету, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, төтенше жағдайлардың салдарын жою және басқа да салаларда салалық волонтерлікті, оның ішінде цифрлық, онлайн-волонтерлік, эко-волонтерлік сияқты жағдайлар жасауды және жандандыруды тапсырған болатын.

Өңірлердің әкімдіктеріне еріктілер қозғалысын ынталандыру шараларын күшейту, тұрақты мониторинг жүйесін жолға қою және осы жылдың 1 тамызына дейін 2023 жылға дейінгі өңірлік жол карталарын қабылдау тапсырылды.

Соңғы жылдары Қазақстанда волонтерлер саны өсіп, бағалана бастағаны анық. ҚР АҚДМ мәліметінше, 180 мыңнан астам азамат қоғам игілігі үшін тегін жұмыс істейді, олардың арасында тек тәжірибе жинақтап жүрген студенттер ғана емес, сондай-ақ қалыптасқан кәсіпқойлар да бар. 

Жалпы, Қазақстанда волонтерлік қызмет үш нысанда жүзеге асырылуы мүмкін: жеке волонтерлік қызмет, волонтерлер тобы құрамындағы волонтерлік қызмет, волонтерлік ұйым арқылы көрсетілетін волонтерлік қызмет.

Айта кетейік, 2020 жыл Қазақстанда волонтерлікке арналды. Дәл осы жылы Мемлекет басшысының бастамасымен бұл сала дамыған ұйымдық құрылым мен жаңа мүмкіндіктерге ие болды. Тіпті осы мақсатта QAZVOLUNTEER.KZ қазақстандық онлайн платформа құрылды. Оған волонтерлік қозғалысқа қатысқысы келетін кез келген адам, сондай-ақ тиісті бағыттағы кез келген ұйым тіркеле алады. Бұл порталда волонтерлікті дамыту жеті бағыт бойынша жүргізіледі: Bilim, Qamqor, Sabaqtastyq, Saýlyq, Taza Álem, Asyl mura және Úmit.

Бүгінгі таңда бұл векторлардың барлығы Birgemiz жалпыұлттық ұранымен біріктірілген, оның амбассадоры — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Бұл орталықтандырылған алаң елдегі барлық волонтерлік қызметті үйлестіруге мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары