$ 494.87  520.65  4.91

Экс-премьер Серік Ахметов жазасын өтеп шықты

1 қыркүйекте оған тағылған барлық шектеулер алынып тасталды.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жазасын өтеп болды. 1 қыркүйекте оған тағылған барлық шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті биыл 1 қыркүйекте өз жазасын өтеп болуына байланысты Серік Ахметовтың тіркеуден алынғанын хабарлады. Енді ол белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салатын қосымша жаза бойынша ғана пробацияда есепте тұр.

Естеріңізге салайық, экс-премьер Серік Ахметов 2015 жылғы желтоқсанда бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталған еді. Кейін апелляциялық инстанция Серік Ахметовтің жазасын жеңілдетіп, 10 жылдан 8 жылға азайтқан. 2017 жылдың қаңтарында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша С.Ахметовтің өтелмеген мерзімінің төрттен бірі азайтылып, сол жылдың қыркүйек айында бостандыққа шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары